«Daiynball»: «Qazaq eline+1» бейнебаяны қалай түсірілді?

Қаңтар айында «Daiynball» музыкалық тобы «Qazaq eline+1» әніне түсірген бейнебаянды YouTube-арнасына жариялады. Ол 40 мыңнан астам қаралым жинап, көрермендердің оң пікіріне ие болып жатыр. Осы тұрғыда топпен сөйлесіп, жұмыстың қыр-сырын білдік.

Бейне мазмұны

Бейнеклиптің алғаншы секундтары байланған қан-жоса дененің үстінде гитара тартып отырған тәртіп сақшысынан басталады. Артқы жағында қаруланған тағы бір сақшы тұтқындарды күзетіп тұрса, келесі бөлмеде біреуді аяусыз сабап жатады. Өзіне бірнеше қару төселіп тұрғанына қарамастан, ойын айтып жатқан адамды соққыға жығады. Оны қарға жатқызып сүйрейді, басқаларының басын төмен салбыратып, іліп қояды. Полиция адамдарды көлікке күштеп кіргізіп, азаптайды, тірідей көмеді. Бейнебаянда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының үзінділері бар. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының билеп тұрған кадрлары да көрсетіледі.

Топтың аты және құрылуы

Хип-хоп топтың құрамына 3 музыкант кіреді. Олар: Орынбаев Нурлан, Мусатаев Адильжан және Алимбаев Айдар. Музыкалық топтың құрылуы туралы былай дейді:

«“Daiynball” тобын 2023 жылы құрдық, негізі шамамен 2009 жылдан бастап таныспыз. Бәріміз хип-хоп бағытына қызығып жүрдік. Топтың атын ойластырып жүргенде әндерді жазуды жалғастырдық. “Daiynball” әнін шығарған кезде бұл тобымызға лайық атау деп шештік. Өйткені ол салмақты әрі жазылуында біздің мінезімізді көрсететін, тар тақырыптық және жанрлық шекараларға кіргізіп тастамайтын ирония мен юмор бар».

Жоспарланбаған, бірақ шығуы сөзсіз ән

«Әнді шығарған кезде көптен бері жиналып қалған ойлар мен сезімдер болды. Оның шығуына себепкер болған да – солар. Жұмыс барысында тақырыпты алдын ала таңдап алған жоқпыз. Біз әндердің тақырыбын ешқашан алдын ала белгілемейміз, еркін жазамыз. Музыканы тыңдай отырып, дәл қазіргі уақытта не ойға келсе, соны баяндаймыз. Бір жағынан “Qazaq eline+1” әні алдын ала жоспарланбаған болса, екінші жағынан оның шығуынан қашып құтылу мүмкін емес еді», – деп бөлісті топ. 

Үндеу емес, көзқарас

«Біз аса көп қаралым санын күткен жоқпыз. Бірақ көрермен бейнебаянды жаман қабылдап, қате түсінік қалыптасып, бізді дұрыс түсінбей қалмай ма деп алаңдадық. Енді оны әртүрлі адамдар немесе ұйымдар белгісіз мақсаттарда, жеке бастарының қамы және кеудемсоқтық үшін пайдалануы мүмкін деген қорқыныш бар. Ән біреудің саяси технологиялық жобасы емес, бұл – шығармашылық жұмыс, авторлардың жеке рефлексиясы, үндеу емес, көзқарас». 

Түсілірім жүрген уақыт

«Бейнебаянның жұмысы 2023 жылдың қысында басталды, бейненің жартысына жуығы бір күнде – таңертеңнен кешке дейін түсірілді, қалған материал болса (кейбір көріністер, кадрлар және бөлшектер) өткен жылдың күзіне дейін бірнеше қайтара түсірілді. Онымен параллель түрде монтаж бен бояу жүріп жатты. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін бейне жарияланды», – деп атап өтті олар.

Қаражат тапшылығы және қызықты оқиғалар

«Жұмыс барысында туындаған барлық қиындық бюджет тапшылығына байланысты болды. Біздің қаражатымыз ұйымдасқан және үйлестірілген түсірілімнің бір-ақ күніне жетті. Клиптің түсірілуінің созылған себебі де – осы. Түсірілім барысында көптеген қызықты әрі күлкілі сәт болды. Есте қатты сақталғаны – жалға алған автобустың тайғақ баурайға көтеріле алмаған кезі. Команда оны шығаруға көмектесу үшін көлікті итеріп, кейін локацияға өздері жаяу көтерілуге тура келді», – деді топ. 

Сондай-ақ бейнебаянды жариялағаннан кейін еш бопсалау немесе аңду сынды әрекеттер болмағанын атап өтті.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»