Дауыс беру: «Жыл адамы және бастамасы – 2023»

Біз белсенділер мен олардың жобаларын қолдауға арналған жыл сайынғы «Жыл адамы және бастамасы» марапатының үміткерлеріне дауыс беруді бастаймыз. 

Марапат 2020 жылы басталды және жас белсенді қазақстандықтың демократиялық процестерді дамытуға қосқан үлесі туралы баяндайды. Бұл әртүрлі салаларда орын алады: адам құқығы, медиа, өнер, экология, қалалық инфрақұрылым. Оның кейбірі үлкен аудиторияға белгілі, ал кейбірі өз жолын енді бастауда.

Марапат әрқайсысы төрт санаттан тұратын екі номинацияны ұсынады:

1. «Жыл адамы»: «Белсенділік», «Белсенділік: аймақ бойынша», «Әйел құқығы», «Журналистер мен блогерлер».

2. «Жыл бастамасы»: «Экология және урбанизм», «Медиа», «Адам құқығы», «Өнер белсенділігі».

2022 жылдан бастап тағы бір арнайы санат енгіздік: «Айрықша үлес» – мұнда біз марапаттың мақсатты аудиториясына кірмесе де назар аударуға тұратын жұмыс атқарған отандастарымызға дауыс беруге шақырамыз. 

Марапат тұжырымдамасына сәйкес өткен жылғы жеңімпаздар биыл ұсынылмайды. Бұл жаңа жобалардың танылуына, өзін мәлімдеуіне мүмкіндік беру үшін жасалады.

Біз барлық аймақтағы серіктестерімізбен ондаған кеңес өткіздік, бірақ сіз және сіздің қызметіңіз туралы әлі де білмеуіміз мүмкін. Сондықтан сіз демократияны ілгерілетуге үлес қосып жүрсеңіз, misk.info@gmail.com поштасына өзіңіз туралы хат жазыңыз. Біз сіздің кандидатураңызды қарастырамыз және алдағы уақытта жұмысыңызды қолдауға қуаныштымыз.

Дауыс беру 2023 жылдың 6 қарашасынан 6 желтоқсанына дейін ашық.

Мұнда дауыс беруге болады.

Сондай-ақ, сіз «Жыл адамы және бастамасы» марапаты ережесімен және жеңімпаздарды анықтау әдістемесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Подпишитесь на рассылку лучших материалов «Youth.kz»