Жыныстық қатынас пен қарым-қатынастағы жеке шекаралар дегеніміз не?

Жыныстық қатынас саласының психологы Асель Шаназаровамен бірге жыныстық жақындықтағы жеке шекараларды талқылаймыз.

Қарым-қатынастағы ең маңызды тақырыптардың бірі – коммуникация және жеке шекаралар. Бұл туралы көп айтылады, оларды дамытуға тырысады, бірақ мәселе көбіне сөйлесе алмаудан және қажет кезде «жоқ» деп айта алмаудан туындайды. Жыныстық қатынас саласының психологы Асель Шаназаровамен бірге жыныстық жақындықтағы жеке шекараларды талқылаймыз.

Жыныстық жақындықтағы жеке шекаралар дегеніміз не?

Жеке шекаралар – бұл біздің жайлы аймағымыз. Ол белгілі бір ережелер мен шеңберлер арқылы қалыптасады, сол шеңберде біз өзімізді тыныш, бүтін және қауіпсіз сезінеміз. Сонымен қатар, басқа адамдармен байланыса отырып, біз осы аймақта дами аламыз. Жыныстық жақындықтағы жеке шекаралар физикалық, психологиялық және эмоционалдық болып бөлінеді.

Физикалық шекаралар – бұл жеке кеңістік, басқа адамдардан қолайлы және рұқсат етілген арақашықтық, дененің физикалық әрекеттесу кезіндегі жайлы сезімі. Әрине, физикалық әрекеттесу жеке шекараларды бұзбай, зорлықсыз, мәжбүрлеусіз және сіз өмір сүріп жатқан елдің заңын бұзбай жүзеге асуы тиіс.
Мысал: біздің қоғамда ер адамдар, тіпті жақын таныс болмаса да, қол алысып амандасады. Бірақ бейтаныс адамды құшақтау немесе иығынан қағу – құрметсіздік деп қабылдануы мүмкін. Сол сияқты, секс пен жыныстық әрекеттесу барысында да әркімнің өз шекарасы бар. Мысалы, алғашқы кездесуде біреу келісімсіз қолынан ұстауды немесе сүйуді қалыпты деп қабылдаса, екіншісі міндетті түрде рұқсат сұрайды. Үшінші адам болса, ол сәтте реакциясын білдіре алмай, кейін эмоционалды түрде өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Сондықтан «белсенді келісім» қағидасын ұстану – ең этикалық жол.

Эмоционалдық шекаралар – бұл өз сезімдерің мен эмоцияларыңды түсініп, оларды манипуляциясыз білдіре алу және басқа тараптың манипуляциясы мен зорлығынан қорғай алу. Сексте бұл былай көрінеді: өзіңді жыныстық қатынасқа дейін, кезінде және кейін қалай сезінетініңді аңғару. Тек қана жайсыздық, мазасыздық, қаламау жайлы емес, сонымен бірге жағымды эмоцияларыңды, сезімдеріңді, қалауларың мен қиялдарыңды да айту маңызды. Егер секстен кейін серіктестер арасында диалог болмаса, сезімдерімен бөлісу мүмкіндігі болмаса, бір серіктес өзін пайдаланылғандай, тасталғандай, қажетсіз сезінуі мүмкін.

Психологиялық (немесе психикалық) шекаралар – бұл сенің ойларыңның, сенімдердің мен өмір сүретін құндылықтарыңның кеңістігі. Біз дәстүрлі қоғамда өмір сүреміз, ол адамның сексуалдық саласына да өз ізін қалдырады. Егер сенде жыныстық өмірді бастау шарттарына байланысты табу болса немесе ұят, қысылу, тыйымдар болса, өзіңе адал болып, оларды серігіңмен талқылауың маңызды. Ол оны қабылдауы мүмкін немесе қабылдамауы да мүмкін.
Мысал: кейбір адамдар оралды секске түбегейлі қарсы, ал бұл жұпта қақтығыс тудырып, кейін қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін.

Серігіңмен жыныстық қатынасқа түскің келе ме, соны қалай түсінуге болады?

Жастарда гормондық фон әдетте жоғары болады, сондықтан қозу тез пайда болуы мүмкін. Біздің денеміз белгілі бір белгілер береді: жүректің жиі соғуы, тыныстың өзгеруі, дауыстың тембрі, қыздарда қынаптың ылғалдануы, жігіттерде эрекцияның пайда болуы. Сондай-ақ қиялдар, шаттық, жеңілдік, толқу сезімі, серігімен жақындасуға қалауы, «ішіңдегі көбелектер» сезімі.

Денені алдау мүмкін емес, бірақ мен сіздерге тағы да бірнеше тірек-нүктелерді ұсынамын. Олар сізге өз қалауларыңызды анықтап, жыныстық қатынасқа бару туралы шешім қабылдауға көмектеседі, әсіресе алғашқы рет болса.

Мен шын мәнінде не қалаймын?

Жақындық пен өзара әрекеттесудің көптеген түрлері бар, ал дәл қазір сіз не қалайсыз? Шешім қабылдау үшін мына сұрақтар туралы тереңірек ойланған жөн: мен шынымен жыныстық қатынасты қалаймын ба, әлде қазір тек құшақтауды қалаймын ба, сипауды қалаймын ба, әлде маған тек қолдау керек пе? Мүмкін, маған жанымда мықты иық пен қамқорлық қажет, бірақ менен ешқандай физикалық жақындық талап етілмесе деймін? Әлде, маған тек сөзбен менің қаншалықты қажет екенімді айтса жеткілікті шығар?

Секске деген тілектің артында көбіне басқа да тілектер жатады. Әрқашан тәндік жақындық міндетті түрде ену арқылы аяқталмайды, және бұл қалыпты жағдай.

Мен дәл қазір жыныстық қатынасқа түсе аламын ба?

Мен мұнда физикалық ішкі және сыртқы ресурстарға назар аударғым кеп тұр: қай жерде болуы, тазалық, контрацепцияның болуы, мүмкін сізге тыныштық, шамдар мен романтика қажет шығар, қауіпсіздік, серігіңізге сенім, оның денсаулығы, бос уақыттың болуы және жалпы жақындыққа дайын болуы.

Сіз өзіңізді зерттеп, бұл тізімді өз қалауларыңызға қарай толықтыра аласыз.

Менің жеке екпінім

Жыныстық қатынасқа түсу үшін әркімнің өз қарқыны болатынын ашық айту сирек кездеседі. Біреуге серігін танып, шешім қабылдау үшін 10 минут жеткілікті болса, біреуге бірнеше кездесу қажет болуы мүмкін. Мүмкін сіз бір түндік қарым-қатынасты (one night stand) құптайтын шығарсыз, ал мүмкін әр жолы шешім қабылдау уақытыңыз әртүрлі болар. Өзіңізді және өз қалауларыңызды біліңіз.

Менің қалауым ба, әлде керек пе?

Қоғамда жыныстық қатынас туралы көптеген мифтер бар: «секссіз денсаулық бұзылады, ұзақ уақыт жыныстық қатынасыз жүрген қыздарда энергия іркіліп қалады, қыздардың қынабы тарылып кетеді, жыныстық қатынассыз өмір сүру қалыптан тыс жағдай.» Бұған назар аударыңыз: сіз шынымен жыныстық қатынасқа түскіңіз келе ме, әлде қоғам қысым жасап тұр ма? Бұл сіздің қалауыңыз ба, әлде басқа біреудің қалауы ма. Мысалы, серігіңіз қалағандықтан, сіздің ойыңызбен, сезімдеріңізбен ойнап отыр ма? Жыныстық қатынасты қалау ұят емес, ең бастысы бұл сіздің жеке қалауыңыз бен шешіміңіз болуы керек.

Ол лайықты адам ба?

Адамдар түрлі себеппен әртүрлі адамдармен жыныстық қатынасқа түседі: қатты ұнатқанымен, ғашық болғанымен немесе тіпті онша ұнамайтын адаммен де. Бәрі мақсатқа байланысты шығар. Бірақ, мен сізге шынымен маңызды серік қасиеттері туралы ойлануды ұсынамын. Мысалы: иіс, гигиена, жауапкершілік, адалдық, ашықтық, шынайылық.

Өз қалау мен қаламаудан бөлек, жақындықтың алдында қандай ред флагтар болуы мүмкін? Қашан бас тартқан дұрыс?

Кез келген сәтте бас тартуға болады. Тіпті ең шешуші сәтте де. Шешуші дегенім, екеуіңіз де дайын болып, киімдеріңізді шешіп, жақындық басталып кеткен кезде де, егер сізді бір нәрсе тоқтатса, бас тарта аласыз. Және оны істегеніңіз дұрыс.

Жақындық алдындағы ред флагтар туралы айтсақ, ең алдымен өз денеңіздің сезіміне сүйену қажет. Жаным тыныш па? Денем өзімді жақсы сезініп тұр ма? Осы адамның жанында мен жайлылық сезіп тұрмын ба? Менде мазасыздық жоқ па? Еркін күйде болып тұрмын ба? Мен бұның құпия болатынынағ, жария болмайтынына сенімді бола аламын ба, ? Кейбір адамдар үшін өсек-аяң болмайтыны, немесе адам жасырын фотоға түсіріп, оны таныстарға таратпайтыны маңызды. Қауіпсіздікке байланысты кез келген мазасыздық – ред флаг. Сонымен қатар интимдік фото немесе видеоға түсіру ұсынысы да ред флаг, себебі кейін сізді онымен шантаждауы мүмкін.

Мен контрацепцияны да атап өтер едім: бұл жақындық алдында талқылануы тиіс. Тікелей сұрақ қою маңызды: серіктесіңіздің жыныстық денсаулығы дұрыс па және қажетсіз жүктіліктен немесе жыныстық жолмен берілетін аурулардан қалай қорғанасыздар? Серіктесіңіздің контрацепцияға (қорғануға) қалай қарайтынына қараңыз: ол қолдай ма әлде бас тарта ма, ал егер бас тартса – қаншалықты қатаң түрде? Егер сіз қыз болсаңыз – жігіт бар жауапкершілікті тек сізге артып қоймай ма, соған назар аударыңыз. Бұл ред флаг болып саналады, өйткені мұнда жауапкершілік принципі 50-ге 50 болуы тиіс.

Серіктестің шамадан тыс шыдамсыз болу да ред флаг деп есептеуге болады: «қазір болсыншы», «жарайды ғой», «сен менің саған қалай қарайтынымды білесің ғой», «қойшы, уайымдай берме» деген сөздерді айтса. Немесе: «сен менің бар қалағанымды құрттың», «менде бәрі ауырып тұр» дегендей. Бұл да – манипуляция және миф, сондықтан мұндай сәтте жақындықты кейінге қалдырған дұрыс. Сенімді әрі шынайы қарым-қатынастағы серіктес сіздің қалауыңыз бен дайындығыңыз нығайғанша күтуге келіседі.

Мен ред флаг ретінде мас күйді немесе есірткілік қабылдау жағдайын да қояр едім. Себебі серіктестердің бірі мұндай жағдайда болса, ол «жоқ» деп сауатты айта алмайды. Өзгерген күйдегі адаммен жыныстық қатынас – зорлаумен теңестірілуі мүмкін.

Келісім мәдениеті дегеніміз не? Қандай сұрақтар жігіттен, қыздан шығуы тиіс? Қандай жауап нақты келісім болып саналады?

Келісім мәдениеті – бұл біз жыныстық қатынасқа өзара, зорлықсыз баратынымыз. Бұл жай ғана қолға жанасу, құшақтау немесе тікелей жыныстық қатынас болуы мүмкін.

Жігіттер мен ер адамдардың жиі таңғалатыны бар: «Мен ұнатқан қызды міндетті түрде сұрауым керек пе? Құшақтасам бола ма деп? Егер мен қалап тұрсам, құшақтай салмаймын ба?» дейді.
Қазіргі таңда жыныстық қатынас мәдениеті және жеке жыныстық шекаралар туралы ағартушылық дамығаны соншалық, мен жігіттерге және ер адамдарға рұқсат сұрауды ұсынамын: «мен қолыңа жанассам бола ма», «қолыңа ұстасам бола ма», «сені сүйсем бола ма» дегендей.

Қыздар да осындай сұрақтарды қоя алады. Қыздар да белсенді бола алады және жыныстық өмірде алғаш қадам жасауы мүмкін. Мұнда тұрған ештеңе жоқ.
Жігіт те, қыз да өз симпатиясы мен жақындыққа деген қалауын айта алады, бірақ серіктестің қалауымен санасып, оны қыспаққа алмау қажет. Бұл сталкингке немесе мәжбүрлеуге айналмауы тиіс.

Контрацепция туралы да бір-бірімізге тең дәрежеде сұраймыз: бұл екі жақтың да жауапкершілігі.

Нақты келісім не болып саналады? Тек қана есі дұрыс күйде айтылған «иә» келісім болып саналады. «Жоқ» дегені «жоқ». Қыз үндемей қалса, жымиып қойса, көзін төмен түсірсе немесе жігіт анық ештеңе айта алмаса – бұл белсенді және нақты келісім болып саналмайды.

Тіпті интимдік жақындыққа келісіп қойғанның өзінде, кез келген сәтте бұл әрекетті тоқтатып, қайтадан бастауға немесе кейінге қалдыруға болады. Бұл – қалыпты жағдай!
Бұл жерде «құмарлық сөніп қалады», «кейін ештеңе қаламайсың» деген миф бар. Шын мәнінде, біздің сексуалдылығымыз бен либидоымыз ойларымызға және секс жасауға дайындығымызға байланысты басқарылады. Сондықтан осындай сәттерді талқылай отырып, керісінше, біз өзімізге жақынырақ әрі жайлы атмосфера жасаймыз. Бұл – жыныстық қатынасқа дейінгі қамқорлық, прелюдия алдындағы дайындық, ол бізге табиғи әрі еркін күйде болуға мүмкіндік береді.

Сондықтан процестің өзінде де сұрақ қоюға болады: «саған қазір жайлы ма?», «сен мұны қалайсың ба?», «біз жалғастырамыз ба әлде жоқ па?», «сен әрі қарай дайынсың ба, әлде жоқ па?». Егер дайын болмасаңыз немесе бір нәрсе кедергі болса, тоқтатыңыз. Жыныстық қатынассыз, оргазмсыз ешкім өлмейді, денсаулық та бұзылмайды.

Қарым-қатынаста бірінші жыныстық қатынасқа дейін қанша уақыт өтуі керек? 

Кеңес беру қиын, себебі біздің әлеуметтік-мәдени контекст жыныстық еркіндігімізге қысым жасайды. Сондықтан мұнда әркімнің өзі шешім қабылдауы керек. Бірақ бұл – әркімнің өз басында қалыптастыратын жеке шекаралары мен жыныстық сауаттылығының бір бөлігі. Біреулер үшін некеге дейінгі секс қалыпты, ал біреулер үшін ол табу. Мұның бәрін зерттеу, білу, түсіну, өзіңді және серіктесіңді қабылдау, содан кейін жұпта талқылау қажет.

Меніңше, мәселе қанша уақыт өткенінде емес, сіз өзіңізді қауіпсіздікте, жауапкершілікте, жайлылықта, сенімде, ләззатта сезінесіз бе, бір-біріңіздің денсаулығына қамқорлық бар ма міне, осы кезде ғана алға жылжуға болады. Егер осы тармақтардың бірі жоқ болса, онда дайындалған дұрыс және өзіңізге уақыт берген абзал. Мен әрқашан айтамын: жақсы секс пен жақсы жыныстық өзара әрекет, тактильді қарым-қатынас, оргазмдар нәтиженің артынан қумағанда, үдерістің өзіне берілген кезде болады.

Зорлық-зомбылық туралы не білу керек? Оның басталуын қалай тануға болады?

Адамдардың санасында зорлық-зомбылық көбінесе жыртылған киім, көгерген дене, дөрекі зорлау ретінде елестетіледі.
Бірақ зорлық-зомбылық – бұл сенің жеке шекараларыңды бұзатын кез келген әрекет. Бұл – сенің еркіңе қарсы жасалған кез келген нәрсе. Бірде мен Алматыдағы барларда зорлық-зомбылықтың не екенін және оның қандай түрлері барын түсіндіретін плакаттар ілгім келген. Сол кезде көптеген ерлер де, әйелдер де бұл мәселені түсінбейтінін байқадым.

Балағаттау, қудалау, мазасыз қыр соңынан жүру, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау, кез келген деңгейдегі физикалық әсер ету, сексуалдандырылған зорлық-зомбылық, сенің еркіңе қарсы жасалатын және сенің жайлы болмысыңды бұзатын кез келген әрекет зорлық-зомбылыққажатады. Зорлық-зомбылық туралы айтқанда, соққы дегеніміз әрдайым және міндетті түрде жыртылған киім мен көгерген дене емес екенін әрқашан баса айту керек.

Егер серіктес зорлық-зомбылыққа бейім болса, оның қашан көрінетіні тұлға типіне байланысты. Біреулер мұны жасырады да, ал сен елеулі қарым-қатынаста немесе тіпті некеде болғанда, ол көріне бастайды. Бұл көбінесе: «сен ондай емессің», «сен ештеңе істей алмайсың», «сен кімге керексің, өзіңе қарашы» деген сөздерден басталады. Кейде мұндай жағдайлар аяқ астынан, еш себепсіз ашудың жарылысы түрінде көрінеді.

Бұл кейде итеріп жіберу, иықтан қағу сияқты әрекеттерден басталуы мүмкін, ол соққы сияқты емес көрінгенімен, саған жайсыздық тудырады – осының бәрі сені сақтандыруы тиіс. Қол жұмсауға жол беруге болмайды.

Зорлық-зомбылық – экономикалық саладағы шектеулер де болуы мүмкін, яғни серіктесті қаржылай тәуелді ету. Бұл – репродуктивті зорлық-зомбылық: қорғанбау және түсікке қарсы болу. Телефонды, жеке мәліметтерді тексеру, қозғалысыңды бақылау.

Қай сәттен бастап қарым-қатынастан қашқан дұрыс? 

Қандай да бір физикалық зорлық-зомбылық бірінші рет орын алған сәттен бастап қашқан дұрыс. Бір рет болса, оның тағы қайталануы әбден мүмкін. Бұл жағдай алдында ескерту белгілері болғанын, бірақ адамның оған мән бермегенін көрсетеді.

Ал ертерек сақтандыратын және кетуге мәжбүрлейтін жағдайлар (оқырмандардың толықтыруы мүмкін):

  • көңіл-күйдің нашарлауы, ұйқының бұзылуы
  • мазасыздық пен қорқыныштың күшеюі
  • өзін-өзі бағалаудың төмендеуі
  • әлеуметтік қарым-қатынастың азаюы
  • өзіңді қудалап жүргендей, тыңдап жүргендей сезім
  • серіктестің талаптарының артуы: «мұны киме», «онымен араласпа», «мында барма»
  • серіктестің кенеттен агрессиясының жарылыстары, көбінесе ең болмашы себептермен
  • серіктестен қорқыныш пен кінәлілік сезімінің күшеюі
  • серіктес жаныңда болғанда өмір сүрмегендей, ал ол жоқ кезде өмір сүру мен тыныстау жеңілдегендей сезім
  • суицидтік ойлар
  • үнемі сенің құндылықтарыңды жоққа шығару және қажеттіліктеріңді елемеу

Сенің физикалық, эмоционалдық және психологиялық денсаулығыңды нашарлататын кез келген нәрсе ойлануға, көмекке жүгінуге және кету туралы шешім қабылдауға себеп болуы тиіс.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз