Көкшетаулық НЗМ түлегі әншілерге арналған ЖИ көмекшілерің жасады

Рамазан Садир nFactorial Incubator бағдарламасына қатысу тәжірибесімен бөлісті. Ол әншілерге арналған AI-платформасын жа

2025 жылғы 2 маусым мен 8 тамыз аралығында Алматы қаласындағы Satbayev University базасында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған технологиялар мен стартап жасауға бағытталған жазғы лагер — nFactorial Incubator өтті. Бұл материалда біз қатысушылар мен олардың жобалары туралы айтың боламыз: бүгін өз тәжірибесімен Көкшетау қаласынан келген оқушы Рамазан Садир бөліседі.

nFactorial Incubator деген не?

Chevron компаниясынан білім гранттарын ұтып алып, үш кезеңнен тұратын іріктеуден өткен жастарға арналған тегін бағдарлама. Қатысушыларды 10 апталық білім мен тәжірибе, менторлармен сессиялар, үздік мамандардан лекциялар күтеді. Ең бастысы — әрбір қатысушы өзінің цифрлық өнімін жасап шығарады. Бағдарламаның мақсаты: 10 мың қолданушы немесе 1000 доллар табыс. Бағдарлама 8 тамыз күні өтетін Demo Day-де жобалар презентациясымен аяқталады.

Технология мен шығармашылықты қалай біріктіруге болады

Рамазан Садир — Көкшетау қаласындағы НЗМ-нің 18 жастағы түлегі. Мектепте ол Inclusive Academy  жобасының техникалық директоры болды және AICA Awards премия бойынша үздік агротех-стартап авторларының бірі — ARA Drones жобасын жасады. KORSO инновациялық дрондары мал шаруашылығындағы мәселелерді шешіп, артық жайылымды болдырмай, малды тиімді бақылауға мүмкіндік береді — дрондар малды өздігінен жаюды ұйымдастырып, олардың санын дәл есептей алады.

«Жайылымда – 600-ге жуық бас мал. Бұрын оны санау бірнеше сағатқа созылатын. Енді дронның көмегімен бірнеше секунд ғана керек. Бұл — шынайы мәселеге арналған автоматтандыру», — дейді Рамазан.

Оның IT-ге деген қызығушылығы Excel бағдарламасынан басталды — ол отбасылық шығындар мен кірістерді есептеуді үйреніп, алғашқы дағдыларын қалыптастырды. Уақыт өте келе техникаға деген қызығушылығы артып, робототехника мен бағдарламалауға бет бұрды. Бұл жолда орта маңызды рөл атқарды:

«Менің достарым — мені қолдап, кеңес беріп, бірге алға жылжи алатын жандар. Жаныңда пікірлес адамдардың болуы өте маңызды. Олармен бірге идея талқылап, дамытуға болады. Қоршаған орта расымен де сенің дамуыңа әсер етеді», — дейді ол.

С командой Inclusive Academy на вручении награды “Волонтер Года”

Артистерге арналған AI-платформа

Сейчас в рамках nFactorial Рамазан развивает ИИ-платформу для музыкальных артистов. Это генератор видеоклипов с подключенными AI-агентами, которые помогают артисту раскрыть идею трека — то есть алгоритмы работают как соавторы.

В создании своих проектов, Рамазан  придерживается T-shape-подхода:

«Важно не только углубляться в одну сферу — например, в программирование, но и расширять кругозор. Моя глубина — это кодинг, а ширина — творческие увлечения, шахматы, книги. Всё это помогает вдохновляться и генерировать идеи»,  — объясняет он.

Тем, кто задумывается о запуске собственного стартапа, Рамазан советует начинать с того, что действительно вдохновляет:

«Стартапы стоит запускать, опираясь на свои интересы. Во всех проектах главное — не бояться пробовать и сталкиваться с неудачами. Именно так появляется mindset фаундера — умение видеть идеи, брать ответственность и не бояться провалов. Каждый негативный опыт — часть пути. Главное — сохранять мотивацию и быть готовым изменить свою жизнь на 180 градусов», — делится он.

Келешек жоспар

Биыл күзде Рамазан Мұхаммед бен Заид атындағы Жасанды интеллект университетіне (MBZUAI) толық стипендиямен оқуға аттанады. Бұл — Абу-Дабиде орналасқан әлемдегі алғашқы ИИ-ға маманданған зерттеу университеттерінің бірі, оның миссиясы — адамзат игілігі үшін жаһандық ИИ күшін дамыту.

Болашақта ол технология мен өнім жасауды жалғастырып, миллиондаған адам қолданатын пайдалы шешім жасағысы келеді:

«Мен адамдардың өмірін өзгертетін бір нәрсе жасағым келеді. Apple, Microsoft, Facebook сияқты алыптар қалай әсер етті — мен де сондай әсер қалдырғым келеді. Осы арман мені шабыттандырады», — дейді Рамазан.

Рамазаннан кеңестер:

  • Бір ғана саламен шектелмей, қызығушылық шеңберіңді кеңейт
  • Сәтсіздіктен қорықпа — даму соған негізделеді
  • Шабыт түрлі көздерден келеді: хобби, кітаптар
  • Нақты мәселені шешетін өнімдер жаса
  • Күшті жақтарыңды дамыт, бірақ әлемге кең көзбен қарауды ұмытпа
  • Өзіңе сенетін және дамуға көмектесетін адамдармен қорша

Chevron стипендиясымен nFactorial-ға қалай түсуге болады?

nFactorial-ға іріктеу көктемде өтеді және үш кезеңнен тұрады: алдымен онлайн-өтінім толтырылады, кейін техникалық тапсырма беріледі, ал соңғы кезең — үміткердің мотивациясы мен белсенділігі тексерілетін сұхбат.

nFactorial негізін қалаушы — Princeton University түлегі, программист Арман Сулейменов. Ол бұл жобаны талантты жасөспірімдерге тегін буткемп ретінде, нақты жобалар жасап, халықаралық мүмкіндіктерге жол ашу үшін құрды. Мұнда қатысушылар тек оқып қана қоймай, нақты идеялармен жұмыс істейді, ал менторлар — ірі компанияларда істейтін тәжірибелі мамандар.

«nFactorial School миссиясы — әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған адам қолданатын “Made in Kazakhstan” бағдарламалық өнімдерін жасап, Қазақстанды технологиялық картаға шығаратын 10 мың үздік мамандарды дайындау», — дейді Арман Сүлейменов Forbes kz. берген сұхбатында.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз