Кореяға грантпен қалай түсуге болады?

Айза Марни – Оңтүстік Кореядағы Hanyang University студенті. Ол екі кезеңдік қабылдау процесі, қажетті құжаттар.

Айза Марни – Оңтүстік Кореядағы Hanyang University студенті. Ол екі кезеңдік қабылдау процесі, қажетті құжаттар, тілді меңгеру және грант арқылы тегін оқу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, университет таңдау, нақты шығындар және корей мен шетелдік студенттермен өмір сүру жайында айтты.

Айза Марни – студентка Hanyang University в Южной Корее, @aisamarnie

Дайындық және тілдер

Айза Кореяның мемлекеттік гранты арқылы оқуға түсті, бірақ бірден емес.

«Бұл – ең бюрократиялық, қағазға толы процесс. Мемлекеттік грант бар жердің бәрінде осылай шығар. Мен екінші рет, елшілік трегі арқылы өттім. Құжаттардың ішінде эссе, корей тілі сертификаты, ұсыныс хаттар, табель болды. Кейін сұхбат – не үшін барасың, неге бұл ел деген сияқты сұрақтар болды», – дейді ол.

Айзаның айтуынша, ең алдымен ағылшын тілін және баратын елдің тілін үйрену керек.

«Қосымша тілді үйренген жақсы. Оқу ағылшын тілінде болса да, өмір сүру үшін жергілікті тілді білу қажет», – дейді ол.

Қандай дағдылар маңызды

Айза жоғары баға – әрқашан негіз екенін айтады. Қосымша дағдылар мамандыққа байланысты.

«Бағалар жоғары болуы керек – бұл база. Мысалы, маған жазу дағдыларын дамыту керек болды. Ал актерлікке түссем, әрине, актерлік қабілеттерімді дамытатын едім», – дейді ол.

Университет пен грант таңдау

Айза Career Scholarship бағдарламасымен, дайын университет тізімі бойынша түсті. Оның айтуынша, университет сайттарын зерттеу және ақпаратты елдің тіліндегі нұсқадан да қарау маңызды.

«Сайт ағылшынша болса да, корей тіліндегі нұсқасында көбіне көбірек ақпарат болады. Екеуін де тексеруге кеңес беремін», – дейді ол.

Волонтерлікке көзқарас

Айза волонтерлікті басты фактор деп есептемейді.

«Мен волонтерлікті жақсы көрмеймін. Бұл – тым базалық нәрсе. Бірақ ол болашақ мамандығыңа қатысты болса, иә, пайдалы», – дейді ол.

Кореяда өмір сүру қанша тұрады

Айзаның стипендиясы – 1000 АҚШ доллары және ол барлық шығынын жабады.

«Оқу тегін. Тұратын жер 300–800 доллар, тамақ – 100–200 доллар. Жол ақысы – 50 доллардан жоғары. Ақшаны үнемдесең, жетеді, бірақ көңіл көтеруге аз қалады», – дейді ол.

Шетелде достар табу

Айзаның айтуынша, университет студенттер қауымдастығын өзі құрады: клубтар, шетелдік және жергілікті студент топтары бар.

«Орыс тілді студенттердің чаты бар, қазақстандықтар да іс-шаралар өткізеді – бұл танысудың жақсы жолы», – дейді ол.

Алайда, жергілікті студенттермен байланыс орнату қиынырақ.

«Жергіліктілер сыпайы, бірақ жиі жабық келеді. Кейбірі басқа мәдениетке қызықпайды және ағылшынша сөйлемейді. Бірақ қызықты адамдар да бар. Корей тілін білсең, қоғамға араласу жеңіл», – дейді ол.

Ең жақсы «Youth.kz» материалдардың ақпараттық бюллетеніне жазылыңыз